Abstract:
Көркем-педагогикалық білім беру жүйесіндегі академиялық пән ретінде
кескіндеме кәсіби дайындықта жетекші орындардың бірін алады. Ол бейнелеу
өнері
теориясы мен кескіндеме туындысында, түрлі бейнелеу
материалдарында (акварель, гуашь, темпера, акрил, майлы бояу және т.б.)
жұмыс істеу технологиясы мәселелерін зерттеуге бағытталған. Мектептегі
түстану үйірмесін ұйымдастырудың қажеттігі. Түстанудан оқушылардың
қабілеттерін арттыру әдістемесінің жоқтығы және оны зерттеудің қажеттігі.
Түстануды оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың әдістемесі.
Көркемдік-бейнелік психологиялық қасиеттерді, түс пен түстің ерекшеліктері
мен мүмкіндіктерін зерттеу кескіндемені оқытудағы негізгі ұстанымдардың
бірі. Түс - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы көмекші. Заттар,
табиғат құбылыстары бізге түсті сигналдар жібереді, ал біз оларға іштей
әрекет етеміз.