Abstract:
Зерттеудің мақсаты – Қашықтықтан білім беру жағдайында «Lеssоn Study»
тәсілі арқылы оқытудың әдістемелік жүйесін жасау, оның тиімділігін жалпы
орта мектептердің оқу үдерісінде тәжірибеден өткізу. Lеssоn Study арқылы
сабақты зерттеу, сабақ барысында орын алған кедерлілерді, кемшіліктер мен
қателерді жою жоспарларын әзірлеу және оқушылардың оқуының жақсаруы
және мұғалімдердің тәжірибесінің жетілу динамикасын айқындау.
Диссертациялық зерттеуді орындау барысында келесі зерттеу әдістері
қолданылады: теориялық әдістер; эмпирикалық әдістер; зерттеудің сандық
және сапалық әдістері; модельдеу; болжам жасау; зерттелетін үдерістердің
себеп-салдарлық талдауы; әдіснамалық, философиялық, психологиялық
педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау.