Abstract:
тталған [3].
PISA тестілеуі оқушылардың əдеттегі емтихандары мен сынақтарынан
түбегейлі ерекшеленеді. Осы ауқымды зерттеу барысында мектеп
бағдарламасын меңгеру деңгейі емес, жас оқушылардың өз білімдерін өмірлік
жағдайларда қолдану қабілеті бағаланады. PISA тестілеуінің негізгі мақсаты-
«Жалпыға міндетті білім алған 15 жастағы оқушы қоғамда толыққанды қызмет
ету үшін қажетті білім мен машықтарды меңгерді ме?» деген сұраққа жауап
беру. 2015 жылдан бастап PISA зерттеуі компьютерлік форматта тестілеу
түрінде іске асырылып келеді. Тестілеуге ашық, жабық тапсырмалардың
түрлері енгізілген. Кейбір тапсырмалар өмірдегі жағдайларға қарай түрлі
деңгейден тұратын бірнеше сұрақтардан құралады. 2022 жылғы PISA
зерттеуінің жаңа цикліне 88 ел қатысты [4].