Оқу құралы қазіргі мерзімді баспасөзде жиі көрініп жүрген жанрлардың жаңа сипатын, олардың түрленуін, мазмұны мен формасын зерттеуге негізделген. Жанр теориясына, пішіндеріне қатысты тың ойлар мен тұжырымдар келтірілген.
Жорналшы-қоғам өмірінің тамыршысы. Ол уақыт бүлкілін тап басып, айналада болып жатқан жаңалықтарға дер кезінде үн қатып отырады. Әр уақиғаның астарынан мән іздеп, өмір шындығын сол қалпында қағазға түсіруге асығады.