Abstract:
Магистрлік диссертация аналитикалық және сандық әдістер негізінде математикалық модельдеу әдістерін дамытуға арналған. Сондай-ақ, серпімді және тұтқыр серпімді қатпарлы диссипативті жазық және цилиндрлік денелердегі динамикалық есептерді шешу қарастырылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері диссипативті кеңейтілген механикалық жүйелердің динамикалық теориясының дамуына маңызды үлес қосады. Қатпарлы диссипативті денелердің тербелісінің жұтылуының үлкен қабілеттілігін қамтамасыз ететін механикалық жүйенің параметрлері анықталды. Сына пластинкасы үшін толқынның шашырамайтын жаңа типі анықталды, ол келешекте жасалатын конструкциялардың жаңа түрлері үшін ауқымды мүмкіндіктер береді.