dc.description.abstract |
Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанда жасаған «Қазақстан-2050» стратегиясы атты халыққа жолдауы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» республика алдына 2050 жылға қарай әлемнің отыз дамыған елі қатарынан табылуды мақсат етіп қойды. «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың басты құралы кластер болуға тиіс екенін баса айтамыз, өйткені сонда ғана бизнес, ғылым және мемлекеттің өзара әрекеттесуі жолымен синергетикалық нәтиже пайда болып, «үш шиыршық» моделі жұмыс істей бастайды. Осыны ескерген мемлекет басшысы мынадай міндеттер қойды: кластерлік даму модельдерін белгілеу; перспективалы ұлттық кластер қалыптастыру бойынша «жол картасын» жасау; перспективалы ұлттық кластер қалыптастыру. |
ru_RU |