Abstract:
Біздің елімізде экономиканы индустриялды-инновациялық өркендеу моделін құрылымдау оны жүйелеу бағыттары қалыптасып қалды. Бұл дегеніміз елімізде индустриалды-инновациялық дамыту стратегияларының мақсаттары орынды қойылып жоспарланып отырғандығының куәсі боламыз. 2003 жылы бекітілген 2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық дамыту стратегиясы, 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік стратегиясы өз нәтижелілігін көрсетті және қазіргі күні дамытудың жалғасын тапқан 2014 жыл, 1-тамызда бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары экономикамызды дамытудың айқын жолдарын көрсетіп отыр