Abstract:
Ел келешегі, қоғам болашағы жастар, міне, осы жастармен дағдарысқа бергісіз саяси тұрақты мемлекет жасау үшін тілі, ділі, діні және мәдени құндылықтары уақытқа бергісіз биік тұғырлы танымға негізделген рухани дүние керек. Мәдени мұралардағы рухани дүниені аршып алып, рухани танымнан қурап қалған кеңестік дәуірден қалған сана сезімге егу де бірден жеміс бермейді. Діндегі түрлі ағымдармен саяси идеологиясы теріс бағыттар да өз кереғар әсерлерін тигізіп қалып жатқан заманда жастар танымына жете назар аударуымыз қажет. Сонымен қатар ел боламыз десек ата-бабаларымыздан қалған мұраларымызды, салт-дәстүрімізді және тілімізбен мәдени құндылықтарды жоғары ұстайтын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек деп білемін.