Abstract:
Барлығымызға белгілі болғандай, Ресей Үкіметі Орта Азияны өз қыспағына алып, негізгі діні болған Исламға шектеу қойған. Нәтижеде қазақ халқы Ислам құндылықтарынан алыстай түсті. Қыспақтың астында Исламға деген талпынысын жоғалтты. Дегенмен, қаншама тер қан төгіліп, тәуелсіздікке қол жеткізді. Туын қолына алған Қазақстан дінін де қолға алуға бел буды. Алайда, таза Ислам дінін қалыптастыру оңайлыққа соқпауда. Бұған тек терең ілім, ізденістердің арқасында ғана қол жеткіземіз. Дәлірек айтқанда, қоғамымызда қалыптасып отырған сопылық-сәләфилік диалектикасы қазіргі таңда сопылық ілімі туралы академиялық ізденістерге қажеттілік туындатады.