Abstract:
ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы аралығында Арал теңізі терең экологиялық дағдарысқа ұшырады. Теңіз суының тартылуы мен тұздылығының артуы көптеген экологиялық топтардың жойылуына әкеп соқты. Бұның нәтижесінде кейбір жергілікті түрлер бейімделіп, кейбіреулері инвазияға ұшырап көптеген экологиялық байланыстар қайта құрылды. Су айдыны квази тұрақты күйде болып акваторияның ашық бөлігінің тұздылығы 8-10% жеткенде флора мен фауна тұщы сулы болған. Теңізде пайда болған эвригалинді түрлер мен галофилдер, тұздылығы едәуір жоғары саяз шығанақтарда тіршілік етті. Алғашқы органикалық заттың көзі су түбі макрофиттері мен микрофитобентос болды, ал фитопланктонның маңызы төмен болды.