dc.description.abstract |
Жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысында жаңыртылатын энергия көздерін пайдалануды зерттеуге және әлеуетті аймағын анықтауға бағытталған.Жұмысты айқындаушы ретінде 3D бағдарламалық модуль негізінде PV-фотоэлектрлік күн станциясының сәулетін құру, қуатының әлеуетін және оптикалық-энергетикалық сипаттамаларын, жаңыртылатын энергетиканы дамыту тұрғысынан Қазақстанның ең үлкен табиғи ресурстық және ғылыми әлеуеті бар аймағында орналасатын PV-күн энергетикалық қондырғылардың әлеуетін бағалау болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда инфрақұрылым және жаңыртылатын энергия көздері ресурстарының құрылымын әзірлеуге және деректер базасын құруға ерекше назар аударылды, сондай-ақ фото-панельдер орнатылған объектілерді модельдеу және жарық күн ішінде көлеңкелеу әсерін ескере отырып, әлеуеттік энергияны анықтау жұмыстары жүргізілді. |
ru_RU |