Abstract:
Зерттеу тақырыбының өзектілігі, ең алдымен, қылмыстық заңның кері күші институтын қолданудың мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан шешуге арналған, өйткені, қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы дамуының маңызды міндеттерінің бірі конституциялық және халықаралық-құқықтық қағидаттарға сәйкес ізгіліктің қағидаттарын өмірде жүзеге асыру мен дамуын қамтамасыз ету болып табылады.