Abstract:
Жыл сайын асқақтап келе жатқан ғылыми-техникалық жетістік және осының нәтижесі ретінде халық шаруашылығына кеңінен тарап отырған өндірістің үдемелі, қарқынды сипаты табиғат байлығын, оның ішінде жер қорларын игеру, бақша өнімдерін еселеп өсіру мақсатында көп жағдайда айналадағы қоршаған ортаны тиімсіз пайдаланып немесе бүлдіріп іске жаратпай жатқаны мәлім. Мұның өзі табиғи ортаға дүние жүзінің кез келген жерінде орны толмас, теріс әсерін тигізіп отыр.