dc.description.abstract |
Жалпы көркем әдебиеттегі, соның ішінде жекелеген суреткердің, ақын-жазушылардың, сыншылардың творчествосындағы стильдік ерекшеліктерді қарастыру – үлкен ғылыми проблема.Стиль деген термин бағзы заманнан қолданылып келеді, дегенмен де жеке жазушының стилі не деген мәселе жөнінде бірқалыпқа түскен тұжырым әзірге кездеспейді. Жалпы бұл диссертациялық зерттеу жұмысымызда қазақ әдеби сынының майталман сыншылары болған Т.Тоқбергенов пен С.Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері арнайы қарастырылып олардың стильдік, жанрлық, көркемдік ерекшеліктері анықталады. |
ru_RU |