Abstract:
ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы аралығында Арал теңізі терең экологиялық дағдарысқа ұшырады. Теңіз суының тартылуы мен тұздылығының артуы көптеген экологиялық топтардың жойылуына әкеп соқты. Бұның нәтижесінде кейбір жергілікті түрлер бейімделіп, кейбіреулері инвазияға ұшырап көптеген экологиялық байланыстар қайтақұрылды.