| dc.description.abstract |
Қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі проблемаларын зерделей
бастағанымызда мәселенің көпқырлылығы және көпқабаттылығы бірден ойға
оралады. Алдымен мемлекеттік тіл қызметінен басталатын пайымдау ары
қарай оның ғылымда, заңнамада, мемлекеттік іс қағаздарында, билік
тармақтарында қолданылу жағдайы және мотивациясы бір-бірімен шарпыса
бастайды. Бірыңғай және бір бағытта тақырыпты еңсерудің мүмкіндіктері
күрделене береді. Қалыптасқан жағдай бойынша бұған жауапты – тіл білімі
ғылымы. Әлеуметтік лингвистиканың мақсат-мүддесімен қарасақ тілдік
қарым-қатынастарды зерделеуде бұл практика жеткілікті саналады. Әсіресе
ғылым мен технологияның тіліне айналған елдердің тәжірибесінде әлеуметтік
лингвистиканың деректік базасы қанағаттанарлықтай деңгейде. Қазақ тілін
ғылым тілі ретінде дамыту жолында жаңаша әдіс-тәсілдерге және ізденістерге
бару – бүгінгі күннің талабы. Тілдің ғылымдағы ахуалын тілдік қауымдастық
мәселелерімен бірлікте пайымдаудың өзектілігін күн санап сезінудеміз.
Ғылымның даму деңгейін жаңа сатыға көтеру – Қазақстан ғалымдарының
алдында тұрған міндет. |
ru_RU |