| dc.description.abstract |
Бұл ғылыми жинақ ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым, филология
ғылымдарының докторы Жұмабай Әбілдің ғылыми мұрасын зерделеуге
арналған. Жинаққа 2025 жылы өткен «Жұмабай Әбіл және әдебиеттану
ғылымының даму бағыттары» халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясында ұсынылған баяндамалар мен ғылыми мақалалар енгізілді.
Жұмабай
Әбілдің
зерттеулері
негізінде
әдебиеттану
мен
фольклористиканың теориялық мәселелерін талқылау және ғылыми
ізденістерді жүйелеу; публицистика жанрларындағы жаңашылдықтарды
анықтап, олардың қазіргі заманғы қоғамдағы рөлі мен маңызын зерттеу; тіл
білімі ғылымы мен құндылықтар парадигмасын зерттеу арқылы тілдік
құбылыстардың мәдени және әлеуметтік аспектілерін ашу; ғылыми тәжірибе
алмасу арқылы әдебиеттану, фольклористика және тіл білімі салаларында
жаңа зерттеу бағыттарын белгілеу; Жұмабай Әбілдің еңбектерінің қазіргі және
болашақ зерттеушілер үшін маңыздылығын көрсету және жастарды ғылыми
ізденіске тарту. |
ru_RU |