Abstract:
Қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы,
профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ
КСР-інің еңбек сіңерген ғылыми қайраткері Мәулен Балақайұлы Балақаевтың
халқымыздың ұлттық тілінің дамып, теминологиялық қоры мен тіл
мәдениетінің қалыптасуына, синтаксис саласының терең зерделенуіне қосқан
үлесі мол. М. Балақаев – мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған
оқулықтар мен оқу құралдарының, сондай-ақ бірнеше монографиялық
еңбектердің авторы. М.Балақаевтың күрделі де терең ғылыми-теориялық
көзқарастарын зерделеу, ғалымның бай мұрасын жүйелі түрде қарастыру –
осындай тәжірибелік конференциялардың негізгі мақсаты болып табылады.
Жинаққа Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде
ұйымдастырылған
ғылыми-тәжірибелік
конферения
материалдары
топтастырылып отыр.
Конференияға жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары,
мектеп мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар және студенттер
қатысты. Конференция барысындағы ғылыми зерттеу мақалаларда ғалым
еңбектерінің құндылылығы, қазіргі қазақ тілі мен әдебиетіндегі өзекті
мәселелер сөз етілді. Қатысушылар ойларының тұжырымдары жинақталып,
осы жинақтың құрастыруына негіз болды.