| dc.description.abstract |
Қазіргі уақытта түрлі қызметтер саласын IT-жаңғырту арқылы заман
талабына сай жаңа деңгейге өзгеру процесі белең алды. Ақпараттық
технологияларды
қолданудың мақсаты - ақпараттық ресурстарды
пайдаланудың күрделілігін төмендету. Сол секілді Білім беру саласыда бұл
ақпараттандыру процесінен шет қалмады.Университеттер үшін маңызды
мәселе ақпаратты қалай жүйелі және ыңғайлы басқаруға болды. Соңғы
жылдары экономиканың қарқынды дамуына байланысты білім беру
саласындағы реформа тереңдей түсті және ірі университеттердегі студенттер
саны артты. Білім беру мекемелерінде оқу базасының ауқымы өсіп келе жатқан
білім алушылар санын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болып келеді. Олардың
ішінде күнделікті оқу кестесін жоспарлау өте қиын мәселе. Онда аудиторияның
нақты мекен-жайы, студенттер, курстар мен мұғалімдер, сондай-ақ оқытылатын
курстардың түрлері және сабаққа кететін уақыт көрсетілуі керек. Қолмен
жоспарлау үлкен жұмыс жүктемесіне әкеледі және тиімділігі төмен[1].
Колледждер мен университеттерге тиімділікті арттыру, адам ресурстарына
шығындарды азайту және профессор-оқытушылар құрамының жұмыс
жүктемесін азайту үшін автоматтандырылған жоспарлау жүйесін енгізуді қажет
етеді. |
ru_RU |