Abstract:
XXI ғасырдағы жаһандану үрдістері, ақпараттық технологиялардың дамуы және әлеуметтік әділеттілікке деген сұраныстың артуы мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа талаптар қоюда. Бұл талаптардың ішінде басқарудың тиімділігін, ашықтығын, жауапкершілігін және халық мүддесіне қызмет етуін қамтамасыз ету – басты мәселелердің бірі. Осы контексте меритократия мен демократия қағидаларының мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілуі мен олардың өзара байланысы зерттеудің өзекті тақырыбына айналып отыр.