Abstract:
Қаржылық есептілік кәсіпорынның қаржылық жағдайын, қызмет
нәтижелерін және ақша ағындарын бағалаудың негізгі құралы ретінде
экономикалық басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады. Шағын
кәсіпорындар контекстінде қаржылық есептіліктің рөлі мен маңыздылығы
ерекше, өйткені бұл субъектілер ресурстардың шектеулілігімен, экономикалық
құбылмалылықпен және бәсекелестіктің жоғары деңгейімен сипатталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес
экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады, ЖІӨ-нің шамамен 36%-ын
қамтамасыз етіп, халықтың едәуір бөлігін жұмыспен қамтамасыз етеді. Алайда,
шағын кәсіпорындардың көпшілігі қаржылық есептілікті тек салықтық
міндеттемелерді орындау құралы ретінде қарастырып, оны стратегиялық
шешімдер қабылдау және бизнестің тұрақтылығын арттыру үшін
пайдаланбайды. Бұл жағдай олардың қаржылық қиындықтарға, банкроттыққа
және экономикалық әлеуетін толық іске асыра алмауына әкеледі.