Abstract:
Қазіргі уақытта дейін мектеп білім беру жүйесінде химия пәнін тиімді
оқыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Білім берудің тиімді және нәтижелі
жолдарын оқушыларға үйрету мен оған ыңғайландыру мұғалімдердің
алдындағы орасан зор міндет пен жауапкершілікті талап етеді. Инновациялық
технологияларды қолдану химия пәнінің маңызды ұғымдары мен түсініктерін
дәстүрлі оқыту әдісімен салыстыра қарағанда артықшылықтар беруін суреттей
алады. Инновациялық технологиялар шығармашылық қызығушылық артуына,
білімгердің ой-танымдық белсенділігінің қалыптасуына, ойлау қабілеттерінің
артуына, білім алуға деген мотивациясының күшеюіне негізделген. Білім
берудің мұндай қарастырылған әдістері білімалушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырумен қатар химиялық ұғымдардың дұрыс пайдалану
әдеттерін қалыптастырады.