Abstract:
Қазіргі уақытта табиғатты қорғау мәселесі,
соның ішінде өсімдік қорларын көбейту шаралары маңыздылығы жағынан
алдыңғы қатарға шығып отыр. Себебі техниканың дамуы улы газдар, шаң-
тозаңдар мен өндіріс қалдықтары қала тұрғындарына, сонымен қатар
өсімдіктерге де зиянды әсерін тигізуде. Қалалар мен өндіріс орындарындағы лас
ауа зардабын азайтуда, экологиялық ахуалды жақсартуда жасыл өсімдіктер
ресурстарын көбейту аса маңызды. Климаттың өзгеруі көмірқышқыл газының
шығарындыларын азайту бойынша зерттеулердің жылдам өсуіне әкелді. Бүкіл
әлемде биомасса өндірісінде пайдалануға болатын, тез өсетін ағаш түрлеріне
жылдан - жылға қызығушылық артуда.