Abstract:
Магистрлік диссертация жұмысы «Ұйымдастыру жүйесін басқарудағы
автоматтандыруды әзірлеу және зерттеу» тақырыбындағы автоматтандырылған
ақпараттық басқару жүйесін құру және «Білімгерлерді басқару» модулдерінің
алғашқы нұсқасын өндіріске ендіру үдерісі қарастырылған. Мұнда университет
қызметтерінің басты функционалды бағыттарын талдау, ақпараттық
ағындардың сипаттары және оларды моделдеумен қатар жүйеден пайдалану
нұсқаулығы келтірілген. Жүйені өндіріске ендіру және эксплуатациялық тесттік
сынақтау барысында университет жұмысын кешенді басқаруға, шешім
қабылдауды тиімділеуге, университеттің ішкі және сыртқы ортамен
коммуникациялық байланыстарын жақсартуға, барлық басқару субъектілері
үшін университет туралы ақпарттардың сенімділігі мен қолжетімділігін
арттыруға, қызметкерлер және олардың жұмыс уақыттарын тиімділігін
жетілдіруге мүмкіндік береді.