Abstract:
Бұл диссертациялық жұмыста фракталды күн коллекторы құрылғысының
жұмыс тиімділігін арттыру үшін Күннің аспан сферасымен қозғалысына қарай
бағдарланатын автоматтандырылған күн трекерінің жұмысы зерттелді. Ғылыми
зерттеу жұмысы барысында, жалпы Күннің Жер ғаламшарына беретін энергия
көлемі, геопозициялық жағынан Жер бетінен бақылаушы тарапынан Күн
қозғалысын бақылау ережелері мен алгоритмдері қарастырылды. Күн
коллекторларының жұмыс принципі зерттелді жəне фракталды күн
коллекторының артықшылықтары көрсетілді. Күн трекері жəне коллекторының
қолданыстағы түрлері бойынша шетелдік əдебиеттер зерттелді. Кентау қаласынан
бақылаушы ретінде бір күндік Күннің қозғалысы жайлы мəліметтер келтірілді.
Күн трекерінің бір осьті жəне екі осьті түрлері қарастырылды жəне олардың күн
коллекторларының жұмысына тигізетін оң əсері көрсетілді.