Abstract:
Византия өзінің бүкіл өмір сүрген мерзімінде көп ұлтты
мемлекеттердің бірі болатын. Соның ішінде ел аумағында шығыс елдерінің
үлес салмағы да жетерлік дәрежеде болды. Сол халықтардың бірі - түркі
халықтары. Византияның әлеуметтік және мәдени өміріндегі түркі
халықтарының ролі мәселесі византистиканы алдыңғы тарихнамалық
зерттеулерде мүлдем ашылмаған, тек жаңа заманның соңы мен қазіргі заман
басында тоғысар сәтінде ғана тарихнаманың қарқындап дамуына байланысты
Византияның әлеуметтік, рухани және мәдени өмірі туралы жаңашыл
зерттеулер жүргізіле басталды. Сонда да, қазіргі таңға дейін Византияның
сыртқы саясатына, соғыстарына, тіпті ішкі экономикалық жағдайына арналған
зерттеулер көптеп болса да, елдің ішкі рухани және мәдени өміріндегі дәл түркі
халықтарының роліне арналған жүйеленген отандық зерттеулер жоқтың қасы.