Abstract:
Қазіргі уақытта өндіріс үлесі 49,3% болатын жаңа
піскен жүзімді өндіру мен тұтынудың әлемдік көшбасшысы Қытай мемлекеті
болып саналады. Үндістан жаңа жүзім өндірісінде екінші орында (13,2 %),
үшінші орында Түркия 12,5% асханалық жүзім өндіреді.
Жүзім тағамдық құндылығы жоғары тағамдарға жатады. Тамақтану және
биотехнология ғылыми-зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, жан басына
шаққандағы жүзім тұтынудың жылдық мөлшері 35-40 кг болуы керек.
Тұрғындардың жүзім өніммен қамтамасыз етілуінің төмендігі, екпелердің
кішігірім аудандарымен қатар, әр түрлі пісетін кезеңдердің бейімделген
сорттарының аздығына, сондай - ақ олардың өндірісін жалдау үшін
аудандастырылған сорттардың төмен өнімділігіне байланысты.