| dc.description.abstract |
Қазіргі білім беру жүйелері білім алуға ғана емес, сонымен қатар
жастардың интеллектуалды дамуына, соның ішінде танымдық іс-әрекеттің өзін
өзі реттеу қабілетіне бағытталған. Сондықтан оқушылардың когнитивті күйлер
туралы білімі субъективті тәжірибенің қол жетімділігін арттырады, когнитивті
процестердің максималды өнімділігіне ықпал етеді. Бұл жағдайларды бақылау
оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына және жалпы оқудың табысты
болуына тікелей әсер етеді. Бұл жұмыстың мақсаты да оқушылардың оқу іс
әрекеті процесінде пайда болатын типтік танымдық күйлердің құрылымы мен
функцияларын зерттеу болып табылады. |
ru_RU |