Abstract:
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы (2007 ж., 2023 жылғы
толықтырулармен) мен "Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы" білім беру жүйесінде оқытудың инновациялық технологияларын
енгізуге, соның ішінде жобалық оқытуды кеңінен қолдануға ерекше көңіл
бөледі. Сонымен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен жаңартылған білім
беру мазмұны стандарттарында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын, өз
бетімен білім алуға дайындығын қалыптастыру басты мақсаттардың бірі
ретінде қарастырылған. Мұның барлығы мектептегі биология пәнін оқытудың
әдістемесін жетілдірудің өзектілігін арттырады. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесі жаһандану, цифрландыру және қоғам
қажеттіліктеріне бейімделу жағдайында терең өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл
өзгерістер мектептегі білім берудің мазмұны мен әдістерін қайта қарастыруды
талап етеді.