Abstract:
Вегетативті жолмен көбейетін бірқатар дақылдардың шаруашылық
маңызы зор. Олардың ішінде картоп пен жидек дақылдары – таңқурай,
қаражидек бар. FAO -ның 2014 [1] мәліметтері бойынша таңқурайдың жаңа
піскен өнімдерін алу өндірісі және картоп өндіру өндіріс салаларының ішінде
бастапқы үштіктен көрінеді. Қазіргі уақытта дақылдардың селекциялық бағыты
биотикалық және абиотикалық стресс жағдайларына шыдамды, сондай-ақ
жоғары өнім беретін жаңа сорттарды әзірлеуге бағытталған. Бұл мақсатқа жету
үшін мәдени өсімдіктер мен оларға туыстас жабайы түрлердің генетикалық
қорын тиімді пайдалану аса маңызды. Сол себепті вегетативті жолмен
көбейетін дақылдардың генетикалық ресурстарын сенімді сақтап қалу —
отандық селекция саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі
шарттарының бірі.