| dc.description.abstract |
Тақырыптың
өзектілігі. Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялар
адамның күнделікті өмірінде маңызды орынға ие бола бастады. Бұл үрдіс әрбір
азаматтың ақпаратқа еркін қол жеткізуіне, ақпараттық жүйелердің ғылымға,
өндіріске және қоғамдық салаларға кеңінен енуіне, сондай-ақ ақпараттық
қызмет түрлерінің сапасының артуына ықпал етуде. Қоғамды ақпараттандыру
үдерісі тек ғылыми-техникалық дамуды жеделдетіп қана қоймай, сонымен бірге
адамның шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасайтын жаңа сападағы
ақпараттық
кеңістікті
қалыптастыруға негіз болады. Білім беруді
ақпараттандыру – қазіргі таңда қоғамды ақпараттандыру бағыттарының
ішіндегі маңыздыларының бірі болып саналады. Ол ақпаратты сақтау, өңдеу,
тарату және қолдануға арналған біріктірілген үдерістер мен бағдарламалық
техникалық жүйелерді қамтиды.Қазіргі уақытта білім беру сапасын арттыруға
бағытталған оң өзгерістер білім мен адами капиталды дамытуға бағытталып,
жаңа бағыттарды қалыптастыруды мақсат етеді. |
ru_RU |