Abstract:
Әлемдік тұрақты даму концепциясының бір
бағыты - білім берудің негізгі мақсаты – қоғам өмірінің жаңа құбылыстары
мен процестерін түсінетін, өзіндік көзқарастар жүйесі қалыптасқан, идеялық
адамгершілік, мәдени-этикалық принциптерді меңгерген, жан-жақты білімді,
әлеуметтік белсенді, жауапты іс-әрекеттерге дайын, мінез-құлық нормалары
жетілген, тез өзгеретін әлемде үздіксіз білімді игеруга бейім, бәсекелестікке
қабілетті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Бұл басымдылықтар еліміздің
дамуын көздейтін ұзақмерзімді «Қазақстан – 2030» даму бағдарламасының да
негізі болып табылады [1].