Abstract:
Мемлекет басшысы Тоқаев Қ.К. « Әділетті
мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы
кезінде «Үшінші бағдар, Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция»
атты тарауында, білім жүйесінің ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл
атқаратындығын сондай-ақ жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын
ескере отырып, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін
оқытуды барынша күшейту маңызды екендігін айта өткен болатын [1]. Сол
себепті жас білімгерлерді мектеп төңірегіндегі ғана біліммен шектеп қана
қоймай, сабақтан тыс жұмыстарда зерттеушілік қабілеттерін арттыру
мақсатында түрлі зерттеу жұмыстарымен қамтып, білімдерін жан-жақты
дамытуға ат салысатын болашақ маман иесін даярлауымыз қажет.