Abstract:
Қазіргі заманның жаһандық мәселелері адамды
болашақта адамзат өркениетін құтқару жолдарын іздеуге мәжбүр етеді. Бұл
экологиялық мәдениетті жандандыру және экологиялық білім беру мен жас
ұрпақты тәрбиелеудің тиімділігін арттыру қажеттілігін туындатты. Бұл үдерісте
адамдардың қоршаған ортамен өзара байланысы кезінде әлеуметтік қауіпсіздік
деңгейін қамтамасыз ете отырып, экологиялық білімі мен тәрбиесіне ерекше
назар аударылды. Қазіргі заманғы мектептің маңызды педагогикалық міндеті
оқушылардың экологиялық мәдениетін мақсатты қалыптастыру және
экологиялық сауатты адамды тәрбиелеу, адам мен қоршаған ортаның қарым –
қатынасы мәселесін шешу болып табылады.