Abstract:
Қазіргі білім беру жүйесінің мазмұны және оқыту әдістері қайта қаралып,
оқыту процесін дамыту, дұрыс ұйымдастыру мәселелері шешуді қажет етеді.
Оқыту процесі тек мәліметтерді меңгертіп қана қоймай, өз бетімен зерттеумен,
шығармашылықпен эксперимент жүргізе алатын, білім алуға құштарлығы
жоғары, креативті идеяларды жасай алатын, ғылыми-зерттеушілікті жүргізе
алатын педагог маманды дайындау қажеттілігі туындайды. Сол себептіде
педагогикалық жоғары оқу орындарында студентке қойылатын талап тек
біліммен қаруландыру ғана емес, сонымен қатар танымдық, ғылыми
зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.