Abstract:
Қазір қашықтықтан оқыту оқытудың ерекше түріне баса назар аударуды
талап етеді. Қашықтықтан оқыту жүйесі жаңа технологияларды пайдалана
отырып жүзеге асатын болғандықтан оқушыларға тек білім беріп қана қоймай,
оқушының білімге деген қызығушылығын, белсенділінін арттырып, алынған
ақпаратты бойына тез сіңіруге оны ары қарай дамыту үшін маңыздылығы
жоғары.
Қашықтықтан оқыту әдістерінің кейбір тұстары білім алушылармен жұмыс
істеуде қиындықтар туғызады. Ол бұл жүйенің әлі де болса толық зерттелмей,
тәжірибелік іс-шаралардың аз болуынан. Сол себепті қашықтықтан оқыту
сапасы дәстүрлі оқу деңгейіне жете алмай отыр. Осыған байланысты білім беру
жүйесін жаппай қашықтықтан оқытуға көшіре алмаймыз. Алайда қашықтықтан
оқыту оқушылардың инклюзивті топтары үшін оқытудың жалғыз ғана әдісі.
Заманауи білім беруді басқару өзгерістерді ескере отырып, мұғалімдер мен
оқушыларға уақытты тиімді пайдалануға, білім алуда сәтті және өзекті болуға
мүмкіндік береді.