| dc.description.abstract |
Бұл
жұмыста
алманың әр түрлі сорттарның өзін – өзі
тозаңдандыруларының диагностикасын жасап, оны оқу үдерісіне ендірудің
оңтайлы, тиімді әдістері қарастырылған. Қазіргі уакытта алма сорттарының
алуан түрлілігі және оның көбею процесі туралы берілетін мағұлматтардың
жетіспеушілігі, соның ішіндегі өзін – өзі тозандандыруларың нақты
диагностикасын жасау жолдары көрсетіліп, базалық негізін қалыптастыру
көзделген. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін алма сорттарынның
тозаңдануын зерттеуде автогамия әдістері, мониторинг жүргізу, алма
ағаштарының биоэкологиялық ерекшеліктерін анықтау әдістері және сонымен
қатар педагогикалық талдау әдістері
қолданылды. Зерттеу жұмыстары Қ.А.
Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық
бағында жүргізілді. Зерттеу нәтижесіңде ботаникалық бақтағы алма
сорттарының ішінде өзін-өзі тозаңдандыруға бейім сорттары анықталынды.
Зерттеуге алынған алма сорттарының тозаңдануындағы ерекшеліктері мен
ұксастықтары анықталып, олардың өзін-өзі тозаңдандыруының диагностикасы
жасалынды. Таңдамалы оқыту әдісі арқылы алма сорттарының өзін – өзі
тозаңдандыруларының диагностикасын оқу үдерісіне ендіру жұмыстары
жүргізілді. Білімгерлермен жүргізілген жұмыс алма сорттарының өзін-өзі
тозаңдандыруына жасалынған диагностиканың жеміс ағаштарының жалпы
тозаңдану дәрістерін үйретуде де оң әсері ететінін көрсетті. Жүргізілген
ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі алдағы уақытта алма сорттарының
өзін – өзі тозаңдандыруына жасалған диагноситканы оқу үдерісіне еңгізіп,
білімгерлердің тозаңданудың диагностикасын қарапайым үлгісінен күрделіге
қарай оңтайлы меңгеруіне үлесін қоспақ. |
ru_RU |