Abstract:
Қазіргі уақытта әртүрлі себептермен мектепке баруға мүмкіндігі жоқ
балаларды оқытудың қолданыстағы тәсілдерін қайта қарау проблемасы
өзекті болып отыр. Оқытудың әртүрлі жаңа техникалық құралдарының пайда
болуы білімнің қол жетімділігіне әкелді. Қазіргі заманғы техника мен
ғылымның жетістіктері оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін жасау және
қолданыстағыларын жетілдіру үшін қолданылады. Осындай әзірлемелердің
ішінде тәуелсіз сабақ беру жүйесінің маңызы зор.