Abstract:
Микроклоналды
көбейту әдісі сау материалды алу, оларды өсіру, қазіргі таңда сәндік мақсаттағы
өсімдіктерді көбейтуде белсенді қолданылып келеді. Бұл әдіс жыл мезгіліне
қарамастан, қажетті мөлшерде, сау өсімдік материалдарын алуға мүмкіндік
береді [3]. In vitro жағдайында қалпына келтірілген өсімдіктер, құнарлы және
морфологиялық тұрғыдан қалыпты, сау ұрпақ бергіш қабілетке ие.
Микроклоналды көбейту протопластты регенерациялау үшін оңтайлы, жасуша
дақылдары мен ұлпалар жүйесін көбейту үшін тиімді және репродуктивті жолы
[4].