| dc.description.abstract |
Физика курсын оқыту барысында оқушының жан-жақты білім алуы ең
алдымен, белгілі бір жүйеге негізделіп жасалынады. Ол жүйе әлемнің
физикалық бейнесінің негізгі ұғымдары мен заңдары, идеяларына сүйеніп
құрылады. Нәтижесінде әрбір оқушының ақыл-ойы мен білім көкжиегін дамыта
отырып, гуманистік қасиеттерге тәрбиелеп, дамыта оқыту қағидаларына
бағдарланады. Осыған орай физика курсының мазмұнында элементар
бөлшектер теориясы мен әдістемесін оқытудың маңызы ерекше. Физика
ғылымының салаларындағы білімдер жүйесі, атап айтар болсақ, классикалық
механика немесе молекулалық физика сияқты бөлімдер ішінара байланыста
болуы керек. Сол себепті элементар бөлшектер тарауының негізгі
элементтерімен оқушыларды таныстыруды ең алдымен, бастауыш
сыныптардан бастаған дұрыс. Қазіргі уақытта осы жүйенің нәтижелері әлемнің
физикалық моделінің негізгі белгілерін құрайды және оның қол жеткізген
жетістіктері медицина, химия, биология және энергетика салаларында кеңінен
қолданыста. Негізгі мектептегі физикадан білім беру стандарты жалпы физика
курсының соңғы бөлімінде кванттық физика элементтерін оқытуды
қарастырады. |
ru_RU |