Abstract:
Титан негізіндегі ұнтақ материалдары мен қорытпаларын зерттеу және
әзірлеу авиация және ғарыш техникасы, автомобиль өнеркәсібі, соның ішінде
энергетика өнеркәсібі үшін өте маңызды. Бұл материалдар ерекше қасиеттерге
ие (жоғары беріктік және коррозияға төзімділік, төмен тығыздық).
Өнеркәсіпте құрылымдық материалдар ретінде интерметаллидтер кеңінен
қолданылады. Интерметаллид-екі немесе одан да көп металдар түзетін
химиялық қосылыс.Интерметаллидтер компоненттер арасында тұрақты
қатынасқа ие. Интерметаллидтер негізінен тордағы атомдар арасындағы металл
байланысымен сипатталады, бірақ химиялық байланыстың иондық және
ковалентті түрлері бар интерметаллидтер, сондай-ақ аралық жағдайлар (иондық
металл және ковалентті металл байланысы) бар.