Abstract:
Қазіргі заманғы материалтану мен металлургия саласында жоғары
беріктікке, жоғары температуралық төзімділікке және коррозияға қарсы
қасиеттерге ие материалдарға сұраныс артып келеді. Мұндай талаптарға жауап
беретін материалдардың бірі – никель, алюминий және титан негізіндегі
жүйелер [1,3]. Ni-Al-Ti жүйесінің ерекше құрылымдық-фазалық қасиеттері бұл
материалды авиация, автомобиль, ғарыш және энергетика сияқты жоғары
технологиялық салаларда пайдалануға мүмкіндік береді [4]. Осы үш элементтің
бірегей комбинациясы нәтижесінде алынатын қорытпалар жоғары механикалық
және физикалық қасиеттерге ие болуымен ерекшеленеді [5].