Abstract:
Қазіргі заманғы әлемдік стандарттар мемлекеттік
білім беру жүйесінен жобалау және ғылыми зерттеу қызметінің негіздерін
меңгеру, атап айтқанда, 3D басып шығару дағдыларын меңгеру қағидаттарын
әзірлеуді талап етеді. 3D басып шығару озық ӛндірісте тиімді және тұрақты
технология ретінде танылды. Мектепте физика сабақтарында дәстүрлі
оқытудағы әдістердің аздығы мен кемшіліктері анықталды. Эксперименттік
жұмыстардың кӛп ӛткізілуі физиканы оқыту үдерісін жандандыратыны
белгілі. Физика сабақтарын демонстрациялық тәжірибесіз ӛткізу мүмкін емес
екені айқындалды. Алайда осы эксперименттік әдістің ӛзі уақыт ӛтуімен келе әр
кезеңнің қоғам талаптарына сәйкес үнемі ӛзгеріске ұшырап отырады.