Abstract:
Еліміздің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ұлттың жаңа болмысы жайында сөз
қозғалған болатын. Бұл жолдауда «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт
болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты
дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық
жобасы қолға алынды.». Осы сөздерге сәйкес азаматтарды тәрбиелеу үшін
тұлға ретінде қалыптастыру барысында оқушыларымызды танымдық және
шығармашылық қабілеттірен дамытуға баса назар аударуымыз керек [1].