Abstract:
Жалпы орта мектептерде физиканы оқытудың басты мақсаты –
физикалық білім беру ғана емес, оқушылардың ол білімнің практикалық
қолданысын білуі, жаңа бағыттағы физикалық зерттеу жұмыстарын жүргізе
алуы, тәжірибелік жұмыстарды өз бетінше жетілдіріп, экспериментальдық
зерттеулерге қорытынды жасауы, сонымен қатар, зерттеушілік бағытта жаңа
ғылыми нәтижелерге қол жеткізе білуі. Осы өзекті негізге ала отырып, бұл
диссертациялық жұмыста мектеп физика курсын инновациялық әдістер
негізінде оқушылардың практикалық дағдыларын дамыта оқытудың
әдістемесін жасау мақсаты қойылды. Зерттеу нәтижесінде физиканы оқытуда
инновациялық
әдістердің
оқушылардың практикалық дағдыларын
дамытудағы әлеуеті айқындалды, физиканы оқытуда оқушылардың
практикалық дағдыларын дамытудың әдістемелік жүйесі жасалынып оқу
үдерісіне
ендірілді,
инновациялық әдістер негізінде оқушылардың
практикалық дағдыларын дамытудың мақсаты мен мазмұны айқындалды,
физиканы оқытуда оқушылардың практикалық дағдыларын дамытудың
әдістемесі жасалынды және оның тиімділігі эксперимент жүзінде дәлелденді.