| dc.description.abstract |
Қазіргі таңда әлемдік танымдық жүйені дамытудың негізгі бағыттарының
ішінде, білім беру саласында ақпараттық коммуникациялық технологияларды
(АКТ) тиімді пайдалану, жаңа технологияларды жасау және оларды тарату
кіріктірілген. Білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында физикалық білім
негіздерін меңгерген оқушы тұлғасын қалыптастыруда, АКТ тиімді
пайдалануға негізделген оқыту әдістерін жетілдіру және жасау маңызды. АКТ
ны пайдалану маңызды болып тұрған кезде, оқыту үдерісінде оларды қалай,
қандай түрде, қандай әдістермен қолданудың тиімді технологиясын жасау
бүгінгі күннің өзекті мәселесі және маңызды қажеттіліктердің бірі болып
саналады. |
ru_RU |