| dc.description.abstract |
Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті, заманның талаптарына сай, білім
алушылардың бойында азды-көпті мәселелерді өз бетінше шеше алатын
зерттеушілік қабілетті қалыптастыруымыз қажет. Білімгерлерді даярлаудағы
маңыздылықтар: - оқу процесінде білімгерлерге негізгі білімді меңгерте
отырып, ғылыми ізденістің әдістемесін игерту болуы керек. Физиканы оқытуда
эксперименттік зерттеулер мен практикалық мүмкіндігі ғылым ретінде
физиканың негізгі артықшылығы болып табылады. Эксперимент деп
түсіндірілетін белгілі бір жағдайларда зерттелетін құбылыстарды бақылау мен
талдау құбылыстардың барысын бақылауға және тіркелген жағдайлар
барысында оны қайталауға мүмкіндік береді. Ғылыми зерттеулерде де,
физиканы оқытуда да эксперимент білімнің қайнар көзі, физикалық
құбылыстардың дәлелділік белгісі, логикалық және математикалық
операцияларды жүргізу үшін бастапқы нүкте, теория мен тәжірибенің
байланысының дәлелі болып табылады. Ғылымның қарқынды даму қарқыны
осындай ұғымдардың, дәлелдердің, идеялар мен заңдылықтардың көбеюіне
әкеледі. |
ru_RU |