Abstract:
Ғылыми- техниканың үдемелі дамуы кезеңінде әртүрлі, кең қажеттікке
жарайтын жаңа заманауи материалдарды жасап құрастыруды талап етеді.
Соңғы бірнеше он жылдықтарда дүние жүзінде өндірістің қарқынды дамуы
кезеңі болғанда, көретініміз, жаңа гетерогенді қортпалардағы қасиеттерді
жақсарту мен өзгертудің эмпирикалық жолдары эффективті емес екендігі.
Керекті қасиеттері бар гетерогенді қортпаларды ғылыми негізделген жолмен
зерттеп анықтау үшін сол гетерогенді қортпалардың қасиеттері мен
құрылымдарының арасындағы байланысты терең түсіну қажет, яғни ол үшін
металдар мен гетерогенді қортпалардың құрамы мен құрылымдарының реалды
мәліметі болуы қажет.