Abstract:
Жұмыстың негізгі мақсаты ретінде ретсіз спиндік жүйелердің
радиоспектроскопиялық мәліметтерін теориялық түсіндіру үшін магниттік
резонансты сандық модельдеудің статистикалық әдісін жасау болып анықталды.
Бұл жұмыста зерттеу объектісі ретінде тура және жанама Рудерман-Киттель
Касуи-Йошида (РККЙ) алмасу әрекеттесуі әдістері, сонымен қатар, диполь
диполь әрекеттесу арқылы байланысқан дискретті магниттік моменттердің
кездейсоқ кеңістікте таралуы бар біртекті ретсіз спиндік жүйелер болып
табылады. Зерттеу пәні атомдық тәртібі бар және сұйытылған магнетиктер мен
көпқаьатты магнитті құрылымдардағы спин-спин әрекеттесуі бар магниттік
резонансты қасиеттері болып анықталды.