Abstract:
Диссертациялық жұмыста инволюциялы эллипстік, параболалық және
гиперболалық тектес теңдеулер үшін шеттік шартында жоғары ретті
дифференциалдық операторлар қатысқан шеттік және бастапқы шеттік
есептердің шешімділігі мәселелері зерттелінді. Бұл мәселелерді шешу
барысында тек осындай есептерге тән болған жаңа әдістер немесе классикалық
есептерге қолданылатын әдістердің модификациясы жасалынды. Нәтижеде
инволюциялы дифференциалдық теңдеулер үшін қисынды қойылған есептердің
жаңа кластары айқындалды.